Келіп жеткен, Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын! Барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз! Жасаған амалдарыңыз, ұстаған оразаларыңыз, оқыған дұғаларыңыз, арман-тілектеріңіз қабыл болғай. Келесі Рамазан айына басымыз аман, бауырымыз бүтін, төрт кұбыла тең болып, аман-есен жетуге баршамызға Алла нәсіп етсін! Ораза қабыл болсын!