Бүгін, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Қонаев қаласындағы орман жолағынан қару-жарақ сақталған орынды анықтады.
Қытай сөмкесінің ішінен 12 мм винчестердің 2 бірлігі, 223 Rem "BENELLI" маркалы мылтық карабині, 16 мм екі ұңғылы кесілген аңшылық мылтық және бір ұңғылы кесілген мылтық табылды.
Сонымен қатар, газ тапаншасы, "Ф-1" маркалы екі жауынгерлік граната, 440 дана 7,62 мм калибрлі және 18 дана 12 калибрлі патрондары бар темір қорап, сондай-ақ оқ өтпейтін жилет және т.б. тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша Қонаев қаласының ПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық