Кеше үлкен келінім Гулиімнің атасы Төреман ағаны үйге шақырып,қонақ етіп( ол кісі Өзбекстанда тұрады),шапан жауып ,батасын алдық.Сексеннің сеңгірінен асса да құдамыз ширақ,сөздері әдемі,әңгіменің майын тамызып айтып,ешқашан жанындағыларды жалықтырмайды.Ауылда атты аттан түсіп сәлем беретін абыройлы ақсақал.Аллам немерелеріме осы аталарының абыройын,ширақтығын ,жасын бергей.Қазыналы қарттарымыз аман болғай.