2022 жылдың 26 қыркүйегінде Риддер қаласының Мәдениет сарайының театр залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің "Алатаудан – Өр Алтайға" атты концерттік бағдарламасы өтеді. Ұжымның гастрольдерін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды. Бағдарламада қазақстандық композиторлардың сүйікті туындылары мен әлемдік классика жауһарлары шырқалады. Сахналарда оркестрмен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шахмардан Әбілов, халықаралық байқаулардың лауреаттары Жадыра Аманова, Әсел Рақымжан өнер көрсетеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев. Бас дирижер: "Дарын" жастар сыйлығының лауреа