Бүгін «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының коворкинг орталығында «Bir Tolqynda» ашық диалог алаңы аясында «Жаңа Қазақстан және әлемдегі қазіргі геосаяси жағдай» талқылау отырысы өтті.
Кездесуді талқылауға XXVII жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Бокстан әлем чемпионы, Бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ділдабеков Мұхтархан Қабыланбекұлы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем кубогының иегері және бразилиялық Джиу-джитсудан екі дүркін Азия чемпионы Оспанов Арман Арипханұлы, Әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жаппарқұл Жазира Әбдірах