Предыдущая публикация
Следующая публикация
Свернуть поиск
Сервисы VK
MailПочтаОблакоКалендарьЗаметкиVK ЗвонкиVK ПочтаТВ программаПогодаГороскопыСпортОтветыVK РекламаЛедиВКонтакте Ещё
Войти
Мы используем cookie-файлы, чтобы улучшить сервисы для вас. Больше информации
  • Главная
  • Увлечения
  • Видео
  • Группы
  • Люди
  • Публикации
  • Игры
  • Подарки
  • Поздравления
  • Помощь
  • русский
Левая колонка
Обложка профиля
Фотография от Самат Кулшинбаев

Самат Кулшинбаев

Последний визит: 24 янв
Фотография от Самат Кулшинбаев
Фотография от Самат Кулшинбаев
Фотография от Самат Кулшинбаев
Фотография от Самат Кулшинбаев
Фотография от Самат Кулшинбаев
Фильтр
ЗаметкиУвлечения
Самат Кулшинбаев
2 авг 2022
🛑🛑🛑

*Өмірдің болғанымен сайраны бақ*
*Барлығы бірдей болу қайда бірақ*
*Рақымы шексіз Алла айтады екен*
*Біреуге кедей болу пайдалырақ.*

*Бақ-дәулет кей мінезді қорғайды екен*
*Байлықтың гүлі оларға солмайды екен*
*Кей адам жақсы болып жүру үшін*
*Ақшасы көп болмаса болмайды екен.*

*Ай мен жыл жер бетінде күн өткенде*
*Айтамыз жиі дұға тілектер де*
*Шын тілек жатады екен жасырынып*
*Үңіліп қарасаңыз жүректерде.*

*Жаз өтіп кейбір көңіл күзге алмасты*
*Байланыс үзілген жоқ сізбен басты*
*Пендеге ненің жақсы болатынын*
*Біледі жаратушы бізден жақсы.*

*Байқасаң өмір жолда бұрыш көп қыр*
*Сонда да біз табатын ырыс көп біл*
*Өзіңнің қалағаның болмай жатса*
*Алланың қалағанын дұрыс деп біл.
Самат Кулшинбаев
2 авг 2022
🛑
Бұл жер пенде мекені
Келеді де кетеді
Тірі кезде тисе егер
Таяқ еттен өтеді

Жанғанымен бағыңыз
Пендеміз ғой бәріміз
Ұрса таяқ, темірмен
Ауырады тәніміз

Ойлаңызшы саралап
Сан сұрақты аралап
Тырысамыз денені
Алмау үшін жаралап

Біздің сондай ортамыз
Күнә кезіп жортамыз
Ауырсыну сезімнен
Қашқақтаймыз қорқамыз

Күнә жасап іздеме
Жазда қыста күзде де
Азабынан тозақтың
Қорықпаймыз біз неге?
Самат Кулшинбаев
2 авг 2022
Жақсылар ізгілікке барады үндеп
Сен пендесің үмітпен талабың көп
Құдайға сенемін деп айта салсаң
Ойлайсың ба сынақсыз қаламын деп

Сынақтың да шешуін табар дейін
Қойса егер сабырлыққа адам зейін
Иманын серік еткен бұл өмірде
Бұрынғылар сыналған саған дейін

Кездерде қиындықпен көп сынаған
Сәттерде дұшпан күліп дос жылаған
Пайғамбардың жанында жүргендер де
Көмек қашан келеді деп сұраған

Ақпенен қара қайсы сұрыптаңыз
Шаршамаңыз Алланы ұлықтаңыз
Бір Алланың көмегі әрқашанда
Тым жақын екендігін ұмытпаңыз

Қорған бар әр уақытта демек бізде
Күдік кеп ұяламасын кенет сізге
Не болса да барлығы бір Алладан
Дәл осыны түсіну керек бізге

Бір уайым жайылып барады елге
Ақ қара алмасады қара жерде
Өмірде
Самат Кулшинбаев
2 авг 2022
🛑
Бос өткізіп бес күнді
Жалған күлкің естілді
Адам болам десеңіз
Ғайбаттама ешкімді

Ғайбат деген өтірік
Өсек айту отырып
Сол өтірік жүрмесін
Берекеңді кетіріп

Кейбір адам жарандар
Ауызынан арандар
Сыртыңнан сөз сөйлейді
Сеннен төмен адамдар

Сен шындықты ұлықта
Ашуыңды құлыпта
Ит үреді, керуен
Көшетінін ұмытпа

Бұл да шындық алаңдар
Айналаға қараңдар
Аямайтын болыпты
Адамдарды адамдар

Көшіп кетпей ар көршің
Арың аппақ қар көрсін
Амандықта болайық
Алла өзі жар болсын!
Самат Кулшинбаев
2 авг 2022
Жаратқан Алла бізді тек,
Алла деп соққан бұл жүрек.
Алланың адал жолында,
Қалдырдым менде өсиет.

Алланың жолы медет боп,
Келеді бізге көмек боп.
Немерем, ұрпақ, ұл-қызым —
Еске алар атам *Самат* деп.

Әйелім менің *Баян* да,
Ал үлкен ұлым *Ислам* бар.
*Амина* қызым, *Әлия* —
Келінім бәрің тыңдаңдар.

Екінші ұлым *Муслим* де,
Немере қызым *Зере* де.
Бәріңе айтып өсиет —
Қалдырды атаң өнеге.

Сол жандар еске алғанда,
Ұрпаққа менен арналған.
Өсиетімнің ең алды —
Бір Алла жолын таңдаңдар.

Өмірде түрлі жолың бар,
Тек адал жолды табыңдар.
Екінші менен өсиет —
Намазға бекем болыңдар.

Түрлі де түрлі достар бар,
Сан жолға олар қосқандар.
Сонда да тура жолменен,
Аллаға серік қос
Самат Кулшинбаев
2 авг 2022
🛑

*Ойлай ма екен айламенен бақ келер*
*Ақылдары Алатауға шақ келер*
*Көбейді ғой ақыл айтқыш ағалар*
*Азаймай тұр кеңес айтқыш әпкелер*

*Қалың екен соған сеніп қалған ел*
*Тұлғаларын әспеттейді тау ма дер*
*Бизнеске айналдырды сөздерін*
*Ақылдарын сатып жүрген саудагер.*

*Доллар ғой деп көрсетеді көк шөпті*
*Бәрі ақылды өзі бірақ өспепті*
*Өткен жолы бір ағамыз оқыма*
*Сен одан да официант бол деп соқты.*

*Сұлу сөзбен алдап солай халықты*
*Ниетінің терістігін танытты*
*Алдамасаң, арбамасаң болмай ма?*
*Онсыз да әрең жүрген халықты.*

*Алаяқтар, іргеңді ары бөліп кет*
*Кей жастар жүр болмашыға еліктеп*
*Ақылыңды пайдалан да өзіңе*
*Бай болсаңдар өздерің бай болып кет!*
На этом пока всё
Войдите в ОК, чтобы посмотреть всю ленту

24

  • Oxana Daniel
    Oxana Daniel
    Астана (Целиноград
  • Куандык Кизяев
    Куандык Кизяев
    Караганда
  • Николай Плесовских
    Николай Плесовских
    Павлодар
  • Анатолий Овчаренко
    Анатолий Овчаренко
    Астана
  • Герман Самарин
    Герман Самарин
    сибирь г.Карасук

Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного

Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.

Зарегистрироваться