🍀 _*АРҚАДАН ҚАҒУ МЕН БАСТАН СИПАУДЫҢ МӘНІ*_
👦🏻 Бұрын қазақтар ер баланы еркелеткенде басынан сипамаған. Арқасынан қаққан. «Басына сипау ұл баланы аяп, мүсіркеу сезімдерін туғызады, төмен қарап жүретін жасық болып қалады» деп түсінген. Ата-ана, ел-жұртына қорған болатын, шаңыраққа ие болатын ұлдың көзін жерден алмайтын жігерсіз, есіркеуді тілеп тұратын ынжық болғанын қаламаған. Ал арқасынан қаққанда ер бала батылданады, жігерленеді, еңсесін тік ұстап, тура қарауға дағдыланады. Неге болса да тайсалмай қарайтын қайратты, батыл болып ержетсін деп ұлды арқадан қағыпты.
👧🏻 Ал, қыздарды керісінше басынан сипаған. Қыз - жатжұрттық, қыздың бағы - үйде емес, түзде. Қыз басқа босағаны аттап, өзг