Ұлы Отан Соғысы ардагері Сулыкөл ауылының тумасы атамыз НҰРЖАН МҰҚЫШҰЛЫ. Мұқыш атамызбен Жәмила апамыздың отбасында , бұл дүниеге, алты ұл, екі қыз келген. Нұржан атамыз 09.09.1904 жылы сол алты ұлдың екіншісі болып дүниеге келген. Нұржан атамыздың аға-інілері Жаппас, Қонқым, Қошан, Тлеубай, Сәлім, бүкілі соғыс ардагерлері. Қошан, Тлеубай аталарымыз ҰОС кезінде лейтенант шенінде жауынгерлерді басқарып 1942 ж., жау қолынан қаза тапқан. Қонқым, Сәлім аталарымыз соғыстың соңғы күндеріне дейін қатысып елге жеңіспен оралды. Жаппас атамыздың ұлы Ғалымжан 1943 жылы соғысқа шақырылып, 1945 ж. жау қолынан қаза тапқан.
Нұржан атамыз 1941 жылы соғысқа аттанып, 1942 жылы Керчь бұғазы үшін болған қа