ТАҢҒЫ БАТА
Тəңірім əрбір үйге дұға берсін,
Тіл-аузын дұшпанның буа берсін.
Келіннің балағынан бала саулап,
Ержүректі батыр ұлдар туа берсін.
Кешке келіп жамырасқан,
Шуылдасып маңырасқан,
Қошақанның анасы,
Салық бассын үйіңді!
Бақайлары сыртылдап,
Мүйіздері жылтылдап,
Бұзаулардың анасы
Сиыр бассын үйіңді.
Шудаларын шаң басқан,
Артқы өркешін қом басқан,
Ботақанның анасы
Інген бассын үйіңді!
Шіңгір-шіңгір кісінескен,
Сүйістікпен иіскескен,
Құлыншақтың анасы
Бие бассын үйіңді.
Уа, әлеумет!
Күндерің шуағы мол нұрлы болсын,
түндерің жарық, тыныш, сырлы болсын! Жерімнің қойнауы – ырыс, құтты болсын, елімнің ынтымағы мықты болсын!
Отаның отбасыңа қорған болсын,