МАҢҒЫСТАУ АҢЫЗДАРЫ!!!
8. Бекет 14 жасында: «Әке, мен білім жолын қусам ба деп едім, оны қалай көресіз»,— дейді.
— Талабың оң болсын, балам. Алдымен Шопан атаға түне, соның батасын ал, басына барып тағзым ет,— дейді әкесі.
Бірінші түн Шопан ата жас жігітке түсінде аян берген.
— Жас жігіт, өлі аруақ тіріге пір бола алмайтынын білмейтін бе едің, жолыңнан қалма, еліңе қайт.
Жігіт кете қоймай аялдай берген. Екінші түн ұйқысында да Шопан Ата аян берген, былай деген:
— Үргенішке бар, сонда Пақыр-Жаназа деген қасиет иесі бар, соны сағала, шырағым!
Бекет Пақыр-Жаназадан 7 жыл дәріс алады.
Бір күні пір шәкірттерін жинап алып: «Ал енді биылғы оқу аяқталуы жақын. Келесі жылға дейін жетер