Қызым туған күнің құтты болсын!Қызғалдағым нәзігім, қызым менің,
Ақ ұлпадай әдемі, жүзің сенің.
Жаратқаным сыйлаған асылымысың,
Қызыл гүлім сенсің деп түсінгенмін.
Ханшайымым қылықты, тәттім менің,
Сен биіксің, асқақсың, Асылымсың!
Жаратқанның маған берген қымбат сыйы,
Бақытыңды көру ғой бар тілегім!
Тал шыбығым майысқан, гүлім менің!
Күндей болып, мына өмірде күлімдегін!
Тағдырыңның тармағында кездескен,
Толқыны мен сынына сүрінбегін!
Бал-шырыным балдайын, қызым менің,
Тілекшіңмін біткенше соңғы демім.
Болашағың кемелді болсыншы деп,
Жаратқаннан сұраймын күнім менің!