Ұстаз едіңіз жүректерге гүл еккен. Адалдықты көкіректе түлеткен.
Сіздің биік рухыңызга бас ие,
Еске аламыз сағынышты жүректе.
Батима Кабиденкызы бір әулеттің ғана емес еліне, ақылшы, басшы болған. Өзінің санаулы ғұмырын халқына, адал кызмет етуге арнаған тұлға еді. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, немереге шанырақ силаған, өнегелі әулеттін ұйтқысы бола білген құрбымыз еді. Айтқан сөздерің күлген күлкің жадымызда, өзіңізбен өткен күндер жанымызда мәңгі сақталады. Жаныңыз жаннатта болып, иманыңыз жолдас болсын. Еске алушы әріптес- құрбыңыз Ельтаева Гульнар Рашатбекқызы. 5 қаңтар дүние есігін ашқан күні.