Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы еліміздің дамуының жаңа кезеңіне жасалған сенімді қадам екенін көрсетеді. Жаңа Ата Заңда мемлекеттің тұрақтылығы, халықаралық беделі, адами капиталды дамыту, білім, ғылым және инновацияға басымдық айқын көрініс тапқан. Бұл өзгерістер ел болашағына деген сенімді күшейтеді. Сонымен қатар, мемлекеттілігіміздің негізі болған қолданыстағы Конституцияға деген құрмет сақталады. 🇰🇿