Құрметті салымшылар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл игілік пен жақсы жаңалықтарға толы болсын! Уважаемые вкладчики! С Новым годом! Желаем вам благополучия и приятных событий в новым году.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарынан қанша қаражатты қандай жағдайларда пайдалануға болады? Біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы. БЗТ-ны өзіне немесе жұбайы/зайыбы не жақын туыстарының пайдасына мынадай шарттардың бірі болған кезде алуға болады: ∙ Егер міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен