2026 жылғы 9 қаңтарда Денисов тарихи-өлкетану музейі Талғат Мұсабаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Талғат Мұсабаев - аспанға жұлдызды жол» ақпараттық постерін жариялады.
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев (1951 - 2025) - атақты ұшқыш-ғарышкер, «Халық Қаһарманы», Ресей батыры, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері.
Талғат Мұсабаев тәуелсіз мемлекет атынан ғарышқа ұшқан алғашқы Қазақстандық болды, орбитада 341 күн өткізді, үш рет ашық ғарышқа шықты. Ол ғарыштан тікелей эфирде бірінші болып, өзінің гитара сүйемелдеуімен ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қазақ тілінде орындады.