СҚО ПД-де МЕКТЕПТЕРДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ БЕЗОПАСНОСТЬ ДЕТЕЙ В ШКОЛАХ ОБСУДИЛИ В ДЕПАРТАМЕНТЕ ПОЛИЦИИ СКО ✅ Солтүстік Қазақстан облысында мектептердегі күзет қызметін адал атқармайтын жеткізушілер мәселесі өзекті тақырыптардың бірі ретінде қаралды. Бұл мәселе полиция қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру саласының қызметкерлері және жекеменшік күзет ұйымдарының басшыларымен бірлесіп талқыланды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алуға қатысты енгізілген жаңашылдықтар болды. Аталған нормалар өткен жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен бекітілген. Жаңашылдықтар мектептерге
СҚО-да КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ПОЛИЦИЯҒА ҚАЛАЙ ЖЫЛДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУҒА БОЛАТЫНЫН ТҮСІНДІРДІ КАК БЫСТРО УСТРОИТЬСЯ НА РАБОТУ В ПОЛИЦИЮ, РАССКАЗАЛИ СТУДЕНТАМ КОЛЛЕДЖА В СКО ✅ ҚР ІІМ-нің жаңа веб-ресурсы телефон арқылы-ақ полиция қатарында қандай бос жұмыс орындарына үміткер болуға болатынын білуге мүмкіндік береді. Ол үшін https://qyzmet-police.kz/ интернет-мекенжайындағы ішкі істер органдарына қабылдау сервисіне тіркеліп, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу жеткілікті. Сервис пайдаланушының құзыреттеріне сәйкес келетін бос орынды ұсынуға және оған орналасу үшін қажетті барлық кезеңдерді көрсетуге көмектеседі. Осы жаңашылдық туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жеке
СҚО-да ПОЛИЦЕЙЛЕР КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУДЕ В СКО ПОЛИЦЕЙСКИЕ РАССКАЗЫВАЮТ СТУДЕНТАМ КОЛЛЕДЖЕЙ ОБ ОТВЕТСТВЕННОСТИ ЗА КОРРУПЦИЮ ✅ Полицейге пара беруге әрекет жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген? Ішкі істер органдары қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік туралы құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Адал полицей» акциясы аясында колледж студенттерімен кездесулер барысында әңгімелеп беруде. Белгіленбеген жерден жолды кесіп өту, көшеге тасталған темекі тұқылы — тіпті осындай жағдайларда да әкімшілік жауапкершіліктен пара беру арқылы құтылып кету азғыруы туында
СҚО-да УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ ҮСІП БАРА ЖАТҚАН АУЫЛ ТҰРҒЫНЫН ҚҰТҚАРДЫ В СКО УЧАСТКОВЫЙ ИНСПЕКТОР СПАС ЗАМЕРЗАЮЩЕГО СЕЛЬЧАНИНА ✅ Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында бір адам аязды түнде қаза табуға шақ қалды. 14 қаңтар күні шамамен сағат 01:00-де учаскелік полиция инспекторы Бекзат Қайсаев қызмет көрсететін аумағын аралап болғаннан кейін үйіне қайтып келе жатқан кезде ауыл тұрғындарының бірі қоңырау шалып, ағасының жоғалғанын хабарлаған. Жоғалған азамат – жұмыс істейтін, есепте тұрмайтын, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланбайтын адам. Қонақта ішімдік ішіп, үйіне қайтар жолда адасып кеткен. Осы түні ауа температурасы –30 градустан төмен түскен. Бекзат Қайсаев же
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИР ӨТКІЗДІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЙ ТУРНИР ПРОТИВ КОРРУПЦИИ ПРОВЕЛИ ПОЛИЦЕЙСКИЕ В СКО ✅Солтүстік Қазақстан облысында «Адал полицей» акциясы аясында ұйымдастырылған зияткерлік турнирге қатысқан полицейлер білімділігін, креативті ойлау қабілетін және командалық рухын көрсетті. Ауқымды акция ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Ол адалдықты тексеруден бастап ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына дейінгі түрлі форматтағы іс-шараларды қамтиды. Зияткерлік ойын да осы бағыттағы жұмыстардың бір бөлігі болды. Іс-шара Сәбит Мұқанов атындағы кітапханада өтті. Турнирді өткізу
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ПАРА БЕРУ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚҰТҚАРМАЙДЫ ЗАКОН И ПОРЯДОК: ОТВЕТСТВЕННОСТЬ ЗА ДАЧУ ВЗЯТКИ НЕИЗБЕЖНА ✅Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы өңір тұрғындарына сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берілмейтінін және Қазақстан Республикасының заңнамасында пара беру мен заңсыз материалдық сыйақының өзге де түрлері үшін көзделген жауапкершілік бар екенін еске салады. Сыбайлас жемқорлық құқықтық мемлекеттің негізін әлсіретіп, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін төмендетеді, заңдылық пен әділеттіліктің қамтамасыз етілуіне кедергі келтіреді. Кең таралған қате түсініктердің бірі — жауапкершілік тек лауазымды тұлғаға жүктеледі
СҚО-ДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР САНЫ 13%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ НА 13% СНИЗИЛОСЬ ОБЩЕЕ КОЛИЧЕСТВО ПРАВОНАРУШЕНИЙ В СКО ✅Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметі 2025 жылдың қорытындыларын шығарды. Жалпы алғанда, өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты болып қалуда. Құқық бұзушылықтардың жалпы саны 13%-ға, ал ауыр және аса ауыр қылмыстар 7,1%-ға азайды. СҚО полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов заңдылықты қамтамасыз етудегі проблемалық мәселелерге назар аударды. Ол бағынысты қызметкерлерді интернет-алаяқтықтың алдын алу, бұрын жасалған қылмыстарды ашу, жол қауіпсіздігін нығайту бағыттары бойынша жұмысты күшейтуге бағдарлады. Сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу үшін қоғамдық қауіп
СҚО-ДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ АЛЫС ЖОЛҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ДАЙЫНДАЛУҒА ШАҚЫРАДЫ НЕ ШУТИТЕ С МОРОЗАМИ! В СКО ПОЛИЦЕЙСКИЕ ПРОСЯТ ВОДИТЕЛЕЙ ОТВЕТСТВЕННО ГОТОВИТЬСЯ К ДАЛЬНИМ ПОЕЗДКАМ ✅Өткен демалыс күндері орын алған қатты аязда Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ерекше алғысқа ие болды. «Жезқазған — Петропавл» автожолында құқық сақшылары Петропавл қаласынан Сергеевкаға қайтып келе жатқан ерлі-зайыптыға көмек көрсетті. Олардың «Jelly» маркалы автокөлігі Қарлыға мен Новокаменка ауылдарының арасында бұзылған. Ақау күрделі болғандықтан, полицейлер көлікті жөндеу үшін Бескөл ауылына дейін сүйреп апарды. «Қала сыртында, қысқы суықта мұ