Жүрек дерті
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты сәлемі болсын): «Мүмин адам қандай да бір қателік жасаса, ол жүрегіне қара нүкте болып қадалады. Жасағанына өкініп, тәубе етсе, әлгі нүкте жүрегінен алынады. Қателігі көбейген сайын нүктесі де зорайып, ақыры жүрегін қалың күйе басады. Бұл Алла Тағала қасиетті Құранда айтқан «райн» атты қалың күйе», – деп түсіндіреді (имам Тирмизи).
Сондықтан, мұсылман адам күнә істі төмен санап, селқос қарамағаны жөн. Себебі, тас жиылып тау болары, тамшы жиналып теңіз болары сөзсіз. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Кішкене күнәні қайталай берсе, ол кішкене күнә болмай қалады», – деген хадисі жайдан жай айтылмаса керек (и