Мен Арғынмын! Арқалымын, алғырмын,
Мойымаған тепкісіне тағдырдың!
Алты Алашты таңқалдырып, тамсантқан,
Ақтаңгері мен боламын ән, жырдың.
Мен Арғынмын!
Мен Абаймын.Мен Әміре, Қасыммын,
Қуаттымын жарқылындай жасынның.
Мәшһүр Жүсіп, Сәкен, Қаныш, Олжастай,
Қайта тумас сынықтары асылдың.
Мен Арғынмын!
Мен Тәттімбет.Мен Қазыбек,Шәкәрім.
Саумалындай шипалы жазғы лептің.
Мен Нүркен.Мен Талғат,Тоқтармын мен,
Жез қанат қырандары заңғар көктің.
Мен Арғынмын!
Мен Ілияс, Рахымжан, Жұмабекпін,
Алғысына бөленген қалың көптің.
Мен Мәдимін,Ақанмын Құлагер мін,
Сарыарқаны келеді дүбірлеткім!
Мен Арғынмын!
Мен Арғынмын! Менмін аға баласы,
Інілердің қорғаны мен жағасы.
Сақта менмін Ғұнда менмін т